"Нұрлы жер" бағдарламасымен 2018 жылы 100 мыңға жуық баспана пайдалануға берілді
Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz – «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында 2018 жылдың 11 айында барлық қаржыландыру көздерінен 10 993 мың м² тұрғын үй немесе 96 761 баспана пайдалануға берілді. Бұл туралы ҚР Премьер министрінің ресми сайты хабарлады.
«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы 2016 жылдың желтоқсанында қабылданды. 2018 жылдың маусым айында ол мемлекеттік бағдарлама болып қайта бекітілді. Бағдарламаның мақсаты — халық үшін тұрғын үй қолжетімділігін арттыру.
Жоспарға сәйкес, 2018 жылы жалпы 12,1 млн м² тұрғын үйді пайдалануға беру керек болатын. 11 айдың қорытындысында 11 млн м² пайдалануға берілді, бұл жылдық жоспардың 91%-ы. Жылдық жоспарды 12 айдың қорытындысы бойынша толық көлемде орындау көзделген.
2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда республиканың барлық өңірлерінде тұрғын үй құрылысы көлемінің ұлғайғаны байқалады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бұл көрсеткіш ең жоғары Астана қаласында — 2,3 млн м² (22 565 пәтер), Алматы қаласында — 1,7 млн м² (15 020 пәтер), Маңғыстау облысында — 978,8 мың м² (8 367 пәтер), Ақтөбе облысында — 707,1 мың м² (5 941 пәтер) және Алматы облысында 682,7 мың м² (4 824 пәтер) болды.
Тұрғын үй құрылысына 11 ай ішінде 1022,3 млрд теңге инвестиция салынды.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен 2018 жылы 11 айда 306,5 мың м² несиелік тұрғын үй немесе 5648 пәтер қолданысқа берілді. Ал осы уақыт аралығында 101,6 мың м² жалдамалы тұрғын үй немесе 1972 пәтер салынған.
Айта кетейік, 2019 жылы қаржыландырудың барлық көздерінен 13 млн м² астам тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бұл — 100 мыңнан астам тұрғын үй.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024