Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы 901,412 мың жолаушыға қызмет көрсетті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
2018 жылдың I тоқсанында әуежай 969,901 мың жолаушыға қызмет көрсеткен. Жолаушы ағына 7%-ға төмендеді.
Есепті кезеңде ішкі рейстердегі жолаушылар ағыны 589,413 мың адамды құрады (7%-ға төмендеді), халықаралық рейстерде - 311,999 мың адам(7%-ға төмендеді). Оның ішінде кеткен жолаушылар саны 452,181 мың адам болды (7% төмендеді), келгендер – 449,231 мың адам (7% төмендеді).
2019 жылғы қаңтар-наурызда әуежайдың жүк айналымы 9,9%-ға қысқарды және 2,013 мың тоннаға жетті.
Жалпы 2019 жылдың I тоқсанында әуежай 6,548 мың рейске қызмет көрсетті, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,8%-ға аз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024