Нұржан Қуантайұлы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің деканы болып тағайындалды
Алматы. 5 қыркүйек. 7kun.kz – Нұржан Қуантайұлы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы болып тағайындалды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Нұржан Қуантайұлы 1971 жылдың 22-қаңтарында бұрынғы Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Көкпекті ауданындағы Үлгілі ауылында дүниеге келген.
1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1993—1994 жылдары Қазақ радиосында аға редактор, шолушы, 1995— 1996 жылдары Қазақстан журналистер одағына қарасты Журналистерді қолдау қорының вице-президенті ( 1996 — 2000 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде аға оқытушы, доцент, 2000 — 2002 жылдары республикалық «Жас Алаш» газетінің шолушысы, 2002 —2004 жылдары «Қазақ университеті» газетінің Бас редакторы, 2004 —2005 жылдары «Айқын» газетінің саяси шолушысы, 2005 — 2009 жылдары «Алматы ақшамы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болып қызмет еткен. 2009 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Шығыс ақпарат» Меdіахолдингінің бас директоры қызметін атқарған.
Айта кетейік, бұған дейін ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің деканы қызметін Сансызбай Мәдиев атқарған еді. Ол бұл қызметке 2021 жылдың жазында тағайындалған болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024