Қостанайдағы келісім-шартқа байланысты қазір Ankai GK39 автобусының 3 моделінің және Ankai GK39С (CNG) моделінің өндірісі басталды. Транспорт ұзындығы - 8, 10,5 және 12 м. Сыйымдылығы - 80 адам. Қозғалтқыштары EURO 5 стандартына сай келеді.
Қытай жағы зауытқа білікті инженерлік және техникалық персонал жіберді. ANKAI автобустарының өндіріс технологиясын білетін олар зауыт қызметкерлерін оқытуға атсалысады.
Алдағы уақытта зауыт шығаратын автобус үлгілерін көбейтпек. Қалалық транспорттан бөлек халықаралық, туристік және мектепке арналған түрлерін өндіру жоспарланып отыр. Автобус құны - 26 млн теңге.
Еске салайық, осыған дейін Алматыда автобус құрастыратын зауыт салынатыны туралы хабарланған еді. FalconEuroBus компаниясы жобаға 24 млрд теңгеден астам қаржы салады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024