Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ОҚО-да жаңа әуежайдың құрылысы басталады

ОҚО-да жаңа әуежайдың құрылысы басталады

Шымкент. 18 қазан. 7kun.kz - Шымкентте қолданыстағы әуежайдың тиімсіз болуына байланысты жаңа әуежайдың құрылысы басталады. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

ОҚО Сәулет және қала құрылысы басқарма басшысы Еркін Жүсіповтың айтуынша, жаңа әуежайдың 3 жаңа нобайын әзірленген.

«Қазіргі қолданыстағы әуежайдың Қорғаныс министрлігінің теңгерімінде болуына байланысты алғашқы нұсқасы қазіргі әуежайдың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасса, екінші нұсқада Ордабасы ауданының аумағында, ал үшінші нұсқада Шымкент қаласының солтүстік жағындағы аумақта орналасатыны көрсетілген», - дейді ол.

Сонымен қатар, өңірге туристерді көптеп тарту мақсатында Тараз, Қызылорда, Ташкент бағыттарынан облыс аумағына кіреберіс қақпалар мен белгілердің жаңа нобайлары жасалынған. Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес өндіріс және базарларды, сауда орталықтарын шаһар орталығынан қала сыртына көшіру нұсқалары ұсынылған.

 

Похожие материалы