Шымкент. 17 наурыз. 7kun.kz - Оңтүстік Қазақстан облысында күре жолдардың 36 пайызы жарамсыз күйге түскен. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт мәлімдеді.
Басқарма басшысы биыл осы жолдарды қалпына келтіру үшін бюджеттен 29 млрд теңге қаралып отырғанын хабарлады. Бұл қаражатқа жылына 1 400 шақырымдай жол жөнделетін болады.
Мәселен, Бәйдібек ауданындағы жолдардың жартысынан көбі жүруге жарамай қалған. Ал, Түркістан қаласында жолдардың 48 пайызы тозған. Сондықтан жөндеу жұмыстары алдымен осы аумақтардан басталады. Ал көлік дәлізінің жағдайын жақсартуды көздеген сала мамандары екінші жартыжылдықта бөлінетін қаржы көлемін көбейтіп, сапалы жолдар санын арттырады.
«Мәселен, Бәйдібек ауданында 251 шақырымды құрайтын жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлап отырмыз. Сол сияқты, Қазығұрт ауданында 158,6 шқ., Мақтааралда 119,7 шқ., Түркістанда 112,7 шқ., Сайрамда 97,8., Түлкібаста 68,7 шақырым жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары басталады. Мұндай жұмыстар өңіріміздегі өзге де аудан, қалаларда жүреді», - деді Нұрлан Мархабатұлы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024