Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ОҚО-да зорланды деген бала Алматыға жетпеді

Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz - Қоғам белсенділері мен қоғамдық ұйымдар Алматыға алдырмақ болған бала мен әжесі Алматыға жетпеді. Оларды ІІБ қызметкерлері поездан түсіріп алып қалған. 

Артынан ІІД мұның не үшін жасалғаны туралы ресми ақпарат таратты. Белгілі болғандай 14 наурыз күні Отбасы, балалар мен жасөспірімдер басқармасы ІІД-не жәбірленушінің қауіпсіздігін қорғау мақсатында Кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастыру туралы хат түсірген. Бұған сәйкес ІІД өкілдері шешім шығарып, баланың әжесімен сөйлескен соң, әжесі мемлекеттік қорғау құқығын пайдалану туралы шешім қабылдаған.

Ал баланың қоғамдық қорғаушысы Дінмұхамед Артықов БАҚ өкілдеріне баланы күштеп алып кеткенін айтқан. "Алматыға кетуге мүмкіндік бермеді. БІзге сенімхаттарың жоқ деді. Ол қолымызда бар", дейді ол.

Баланы тәуелсіз тексеруден өткізу үшін Алматыға алдырмақ болған қоғам белсенділері мен қоғамдық ұйым өкілдері оны поездан түсіріп алып, бейімдеу орталығына жіберілді деген ақпаратқа наразы. Әлеуметтік желі беті бала мен әжесінің өміріне алаңдаған және жоғарыдағы әрекетке қарсы пікірлерге толы. Және бұған қатысты әртүрлі ақпарат тарауда.

Баланың құқығын қорғау мақсатымен Шымкентте жүрген заңгерлер мен белсенділер бірнеше рет әлеуметтік желіде наразылығын білдірген жазбалар мен видеолар жариялады. Баланың Алматыға келуін қамтамасыз ету мақсатында Сарыағашқа барған адвокат Бауыржан Азановтың соңғы жазбасында оны ІІД-не Зағипа Балиевамен кездесуге шақырғанын жазған.

Жергілікті журналистерге сұхбат берген Зағипа Балиева баланың қауіпсіз жерде, өзінің қасында екенін және әжесі мен әкпесінің де барын, анасын да тапқанын, ертең Астанаға аттанатынын айтқан. Астанада балаға жан-жақты тексеру жүргізілмек.

Похожие материалы