Экономика
Оңтүстік Қазақстан облысы микронесиелендіруге көп қаражат жұмсайды
2015 жылдың І жартыжылдығында микронесиелендіруге көп қаражат жұмсаған аймақтың бірі Оңтүстік Қазақстан облысы болды. Аймақ жалпы мемлекеттік инвестицияның 56%-на ие болған. Бұл туралы Ranking.kz сарапшылары хабарлайды.
Осы жылы микронесиелендіруді
бюджеттік қаржыландыру 2 есеге өсіп, 1,1 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар мемлекеттік емес құрылымдарды қаржыландыру көлемі де өзгерген жоқ. Микронесиелендіруге ең көп қаражат бөлген Оңтүстік Қазақстан облысы болды. Ол 2015 жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік қаражаттың 56 пайызын тартқан. Аталған қаражаттың негізгі үлесін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры берген.