Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде дейді. Шипажайға ауырып ем іздеген де, ауырмайтын жол іздеген де барады. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының шипажайлары көш бастап тұр.
Жаз болса, босағадан аттады. Таза ауа, самал жел, бойыңа қуат дарытар өзге де артықшылығы бар шипажайларда демалғанға не жетсін, шіркін! Барған бойда сізді күтіп алып, денсаулығыңызды толықтай тексеріп, керекті деген ем-домын жасауға асығатын дәрігерлер. Бір жағы денсаулығыңызды түзеп алсаңыз, екінші жағынан сергіп қаласыз. Шетелге баруға қаражат тапшы болса, не өзге де себептермен шыға алмайтын болсаңыз, отандық шипажайларды таңдаңыз. Сіздерге бағасы мен сапасы келіскен санаторийлер туралы толығырақ айтып берген жөн деп шештік. Айдарымыздың бүгінгі тақырыбы – ОҚО-дағы шипажайлар.Манкент
«Манкент шипажайы» АҚ ОҚО Сайрам ауданында, Шымкент қаласынан 25 км қашықтықта орналасқан. Шипажайда 1, 2, 3 орындық нөмірлер кіретін 25 жатын корпусы бар. Оның 18-і коттедж. Жолдаманың бағасы нөмірдің жабдықталуына байланысты болады. 1-3 категориялы және "жартылай люкс" корпустарын қалауыңызша таңдай аласыз. Жолдаманың ішіне тамақтану, сол жерде тұру, көрсетілетін емдік қызметтер мен мәдени шаралар кіреді. «Манкент шипажайы» АҚ мынадай ем түрлерін ұсынады:- Асқазан және ішек жолдары;
- Тірек-қимыл аппараты;
- Жүйке жүйесі органдары;
- Тыныс алу органдары;
- Урологиялық аурулар;
- Гинекологиялық аурулар;
Aray Deluxe Thermal Resort
Aray Deluxe Thermal Resort ( Арай Делюкс Термал Ресорт) сауықтыру кешені Сарыағаш қаласында орналасқан. Шымкент қаласынан 130 км, Ташкентен 14 км қашықтықта. Медициналық қызметтер көрсетіледі. Аумағында мейрамхана, кинотеатр, бизнес-орталық бар. Жолдаманы онлайн түрде алуға болады.Сарыағаш
«Сарыагаш» шипажайын барша Қазақстан біледі. Шымкент қаласынан 130 км , Ташкент қаласынан 18 км жерде. Шипажай Сарыағаш ауданының Көктерек ауылында орналасқан. «Сарыағаш» қайнарының минералды суының түрлі дертке дауа екені мәлім. Шипажайға емделуге жылына кем дегенде 20 мың адам келеді. Медициналық қызмет көрсететін ұжым негізінен мына 5 бағытта қызмет көрсетеді:
- Психотерапия, күйзеліске қарсы күрес;
- Демалыс, спорттық ойындар, қозғалыс режимі;
- Тамақтану/диетотерапия;
- Артық салмақпен күрес;
- Ішімдік, темекі секілі зиянды әдеттермен күрес;
Арыс
Шипажай Шымкент қаласынан 80 км қашықтықта орналасқан. Негізі 1987 жылы қаланған бұл шипажай Арыс қаласында салынған. Арыс қаласында тереңдігі 2500 метр жерден 85 градус температурадағы минералды су шығарылады. «Арыс» шипажайы – балшық қоймасы бар бірегей демалыс орындарының бірі. Шипажайдың ішінде-ақ аталған қызмет көрсету түрі қарастырылған.
- Отбасымен демалуға таптырмас мекен (педиатр, балалар бөлмесі мен балаларға арналған алаңқай бар) ;
- Бос уақытыңызды өткізу үшін кітапхана, биллиард және үстел теннисі бар;
- Тренажер залы бар;
Қазақстан KZ
«Қазақстан KZ» -көпсалалы 4 жұлдызды заманауи шипажай. Бұл жерде:- Асқазан және ішек жолдары;
- жүйке жүйесі органдары;
- тыныс алу органдары;
- гинекологиялық;
- урологиялық ауруларды емдеуге баса назар аударылады.
- Жолдама құнының ішіне көптеген процедуралар кіреді. Мәселен, ультрадыбысты зерттеу, массаждың бірнеше түрлері, ваннаның түр-түрі және т.б. Одан бөлек, ақылы қызметтер де өте көп. Үлкендерге арналған велосипед – 1000 тг/сағ, балаларға – 500 тг/сағ;
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024