«Тараз химия паркі» еркін экономикалық аймағы (ЕЭА) нысандары құрылысының бірінші кезегі 70%-ға аяқталды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
«Тараз химия паркі» ЕЭА жобасын «Біріккен химиялық компания» ЖШС іске асырып жатыр. Парк аумағында метанол, аммиак (сондай-ақ, олардың өнімдері – кешенді және азотты тыңайтқыштар, отынға арналған қоспалар, ағаш өңдеуге арналған түрлі шайырлар), күйдіргіш сода, өнеркәсіптік химиялық реагенттер, глифосат, гербицид және т.б. шығаратын ірі және орта салмақты химиялық өндірістер ашу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта ЕЭА аумағында глифосат (гербицид) пен хлорлы фосфат өндіру кешенінің құрылысы басталды. Бұл жоба импортты алмастыруға бағытталған және елдегі аграрлық сектордың өнімділігін арттыратын химикаттармен қамтамасыз етуі тиіс.
Парктегі инфрақұрылымдар құрылысы екі кезекте жүргізіледі. Бірінші кезекті 2016 жылдың төртінші тоқсанында, екіншісін – 2018 жылдың төртінші тоқсанында іске қосу жоспарланған. Құрылыс кезінде 2000 жұмыс орны, іске қосу кезінде 1200 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024