Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылдың 12 айында шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласында көрсетілген қызметтер көлемі 56,4 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Ranking.kz сайты жазады.
2018 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында барлық саладағы қызметтердің жалпы көлемі 7,6 трлн теңгеге жетті.
Саладағы қызметтердің ең көп көлемі елордада байқалады: 2018 жылдың 12 айында 26,1 млрд теңге, жыл ішінде 35,7%-ке өсті. Ойын-сауық саласындағы қызметтер көлемі бойынша екінші орында — Алматы: 11,7 млрд теңге, 2017 жылмен салыстырғанда 13,6%-ке аз. Көшбасшылар үштігін Атырау облысы жабады: қызметтер көлемі 4,5 млрд теңгеге жетті, бір жыл бұрынғыдан 2,7 есе көп.
Аталған үш аймаққа 42,3 млрд теңге тиесілі, бұл ойын-сауық саласындағы қызметтердің барлық көлемінің 75%-ін құрайды.
Қызметтер көлемінің артуына осы салада жұмыс істейтін компаниялар санының өсуі ықпал етті. 2019 жылдың ақпан айының соңына қарай өнер, ойын-сауық және демалыс саласында жұмыс істейтін компаниялар саны 4,5 мыңды құрап, жылына 5,7%-ке артты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024