1 наурыздың кешінде оның байлығы - 820 млн долларға төмендеді. Бұл Forbes-тің соңғы рейтингіндегі көлемнен 5.5 есе аз, деп хабарлайды 7kun.kz.
Тинкофф банкінің негізін қалаушы Олег Тинков енді долларлық миллиардер емес. Forbes Лондон қор биржасында TCS Group (банктің бас компаниясы) баға белгілеулері бойынша есептегендей, Мәскеу уақытымен сағат 19:00-де Олег Тинковтың байлығы 820 миллион долларға бағаланды. Бұл Forbes-тің 2021 жылғы соңғы рейтингіндегі бағалау көрсеткішінен бес жарым есе аз (($4,7 млрд).
Есептеулерде банк акцияларынан басқа, La Datcha жобасы, кәсіпкердің яхтасы мен ұшағы, оның ақшалай қаражаты мен инвестициялары ескерілген.
Сағат 19:00-де Лондондағы TCS Group акциялары бір данаға 5,52 долларды құрады. Бір күн ішінде баға белгілеулері минимум $4,61 дейін төмендеді. Ол уақытта бүкіл компанияның құны $919 млн болды, ал Тинковтың байлығы $760 млн бағаланған еді. Владимир Путин 24 ақпанда Украинада "әскери операция" жариялағаннан бастап, компанияның Лондондағы құнды қағаздары 90%-ға арзандаған (23 ақпандағы сауда-саттықтың жабылуынан 1 наурыздағы сауда-саттық кезіндегі минимумға дейінгі мәліметтер).
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024