Қарағанды. 5 қазан. 7kun.kz – Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде ірі бизнеске қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының айтуынша, салық төлемдері ерекше бақылауға алынады. Егер ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бұл талаптарды орындамаса, мемлекет серіктестікті тоқтатуға мәжбүр болады.
«Бұл – ешқандай қорқыту емес, керісінше, бүкіл өркениетті әлемде қабылданған қарапайым, адал және әділ жұмыс ережелері. Қазақстанда олигархтық капитализмнің заманы өтіп, ел азаматтарының алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін кезең жетті. Азаматтарымызға тиімді әрі әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін, ел экономикасында жетекші орындағы бизнес керек», – деді Тоқаев.
Сондай-ақ Қарағанды облысындағы өндірістік кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі мәселесі сын көтермейтінін айтты.
«Тек 2022 жылы «АрселорМитталТеміртау» АҚ объектілерінде жұмысшылар қаза тапқан бірнеше оқиға тіркелді. Ірі компаниялар өндірісті жаңғыртуға әрдайым инвестиция құюы керек. Уәкілетті органдар өндірістік апаттардың көбейгені үшін кәсіпорындардың жауапкершілігін күшейтетін жүйелі шаралар қабылдауы қажет», – деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024