Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz — "Олимп" букмекерлік кеңсесі енді ставка қабылдамайды. Бұл туралы букмекердің ресми сайтында хабарланды.
«2020 жылғы 22-қаңтардан OLIMP.KZ қазақстандық лицензия бойынша ставка қабылдай алмайды, оның әрекеті уақытша тоқтатылған. Әрине, мұндай жағдайдың орын алғаны өкінішті. Біз қазақстандық букмекерлік кеңсе болғанбыз және болашақта да сондай болып болып қала бергенді қалаймыз», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Алматы прокуратурасының талабы бойынша «Олимп» сауда белгісімен жұмыс істейтін «Олимп.kz» және Alpha-bet букмекерлік кеңселеріне салықтық тексеру тағайындалған еді. Нәтижесінде 145 млрд теңге көлеміндегі салық есептелген.
Букмекерлік кеңсеге заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша тергеу жүргізіледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024