Қазақстандықтар қолма-қол ақшаны шешіп алғаны үшін енгізілетін лимит тек 2016 жылдан кейін қолданыла бастайды. Бұл туралы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының басқарма басшысының орынбасары Юлия Якупбаева Астана форумы кезінде мәлімдеді деп хабарлайды LS.
"Біз мемлекеттік кіріс комитеті және қаржы министрлігімен байланысып, тек жоспарлы брифинг екендігін анықтадық. Комитет ешқандай шек қойған жоқ, тек ұсыныстарын айтты. Процесс әлі талқылау кезеңінде", - деп түсіндірді ол. Осыған дейін қаржы министрлігіндегі мемлекеттік кіріс комитеті көлеңкелі экономикамен күрес үшін заңды тұлғалар арасында қолма-қол есеп жүргізуге шектеу қоюды ұсынған еді. ҰКП басқарма басшысы орынбасарының сөзінше, шектеу бұл жылы енгізілмейді. "Біздің мемлекеттік органдар тарапынан бұған наразы болуға негізіміз бар. Сондай-ақ шектеуді кезең-кезеңімен енгізу туралы ұсыныстар айтылды. Әзірге ешқандай дайындық жоқ екендігін көріп отырмыз. Мемлекеттік ұйымдар да мұндай өзгерістерді бірден енгізуге болмайтындығын түсінеді. Алдымен халықпен, кәсіпкерлермен, банк қауымдастығымен және Ұлттық палатамен кеңесу қажет", - деп есептейді Ю. Якупбаева. Ол "Атамекен" ҰҚК қолма-қол ақшаны шешіп алуға шектеу енгізуге қарсы екендігін және шектеу көлемінің белгісіз екендігін де атап өтті. Қолма-қол ақшаны шешіп алуға толыққанды лимит салу үшін елдегі төлем жүйесін тестілеуден өткізу керек. Айта кетейік, 2015 жылы капиталды амнистиялау туралы заңға өзгеріс енгізу жоспарланып отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024