ОLX.kz - Қазақстандағы ең ірі хабарландыру сервистерінің бірі:
- ай сайын платформаға шамамен 9 млн адам кіреді;
- орташа есеппен әр секунд сайын сайтта жаңа хабарландыру пайда болады;
- әрбір екінші қазақстандық айына кемінде бір рет ОLX.kz-қа кіреді.
OLX Group - әлемнің 5 құрлығындағы 40-тан астам елдерде 17 брендтен көбірек. OLX платформасы бүкіл әлем бойынша өзара тиімді операциялар үшін 350 миллионнан астам адамды біріктіреді. OLX негізгі компаниясын 2006 жылы екі кәсіпкер - Фабрис Гринда және Алекс Оксентфорд құрған.
Компания өзінің белсенді қызметін Үндістаннан бастады: сол кезде әлемдегі ең серпінді нарықтардың бірі болды. 2010 жылы ОLX Naspers медиатобына кірді және екі жылдан кейін елдегі ең ірі онлайн-хабарландыру ресурсы мәртебесіне ие болды. Ал бір жылдан кейін – Бразилияда. 2011 жылы Naspers медиахолдингі Slando онлайн-хабарландырудың танымал сервисін сатып алды. 2014 жылы Ғаламдық ребрендинг аясында Naspers онлайн-хабарландыруының тоғыз алаңы Румынияда, Болгарияда, Қазақстанда, Украинада, Беларусьте, Венгрияда және Польшада ОLX деп аталды. Бүгінде OLX тобында 5 000-ға жуық адам, оның ішінде қазақстандық кеңседе 60-қа жуық адам жұмыс істейді. Команда жұмысының басты ерекшелігі - жаңа идеяларды тез дамыту және енгізу.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024