Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

М.Омаров: «EXPO Plaza» құрылысы жоспарланған уақытта аяқталатын болады

М.Омаров: «EXPO Plaza» құрылысы жоспарланған уақытта аяқталатын болады

Астана қаласында "ЭКСПО" көрме кешенінің аясында 4 мың пәтер салынатын болады. Бұл жөнінде "Астана ЭКСПО-2017 ҰК"  АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Омаров мәлімдеді.

«ЭКСПО аумағына 173,4 гектар жер бөлінген. Оның ішінде көрме кешенінің алатын аумағы - 25 гектар. "Мега-Плаза" орталығы бой көтереді. Ол - аумағы 140 мың шаршы метр болатын ең ірі сауда және ойын-сауық орталығы болады», - деп нақтылады Астанадағы брифинг барысында төраға орынбасары.

Осыған дейін ЭКСПО аясында халықаралық көрмеге дейін 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынады деп хабарланған болатын. Ал, көрмеден соң тағы 500 мыңға жуық шаршы метрді алатын тұрғын үй салынады.

Одан бөлек, EXPO-2017 көрме кешенінің аумағында заманауи жабдықталған «EXPO Plaza» тұрғын үй кешені тұрғызылады. ««EXPO Plaza туралы айтар болсақ, қаржы несие желісімен бөлінеді», - Біз барлық үдерістерді бақылауда ұстап отырмыз. Мониторинг жүргізіп, құрылыс барысын назарда ұстап отырмыз. «EXPO Plaza»құрылысының бас мердігері ретінде «Ренессанс» компаниясы таңдалды. Ол бүгінде әлемдегі құрылыс саласының үздік бестігіне енген, заманауи технологиялармен жұмыс жасайды. Сол себепті, ешқандай мәселе көріп отырған жоқпыз. Барлығы өз мерзімінде аяқталатын болады », - дейді Омаров.

Естеріңізге сала кетсек, «EXPO Plaza» тұрғын үй кешені Қабанбай батыр мен Хусейн бен Талал көшелерінің қиылысында тұрғызылып жатыр. Ол Назарбаев Университеті, Ұлттық хореография академиясына және Назарбаев Зияткерлік мектебіне қарсы орнасалады.

Похожие материалы