Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz – «Оңтүстік» индустриалды аймағында 73,6 млрд теңгенің 90 жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы 7kun.kz-ке Шымкент қалалық әкімдігінен хабарлады.
Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек жобалар іске қосылғанда 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Ал қазіргі уақытта 38,6 млрд теңгенің 55 өнеркәсіптік нысаны іске қосылып, 4,1 мың адам жұмыспен қамтылды.
Жоспарға сәйкес, 2021 жылға дейін 34,9 млрд теңгенің 35 жобасы жүзеге асырылуы керек.
Әкімдікте индустриялық аймақ аумағында жұмыс істейтін, өнімдерді экспорттайтын кәсіпорындардың үлесі шамалы екенін атап өтті. Негізінен ішкі нарық үшін өнім өндіріледі.
Сондай-ақ, мұнда металлургиялық зауыт құрылысы бойынша жоба жүзеге асырылуда. Кәсіпорын жылына 500 мың тонна металл прокатын шығаруды жоспарлап отыр, дайын өнімнің 50%-ын ТМД елдеріне экспорттайтын болады.
Айта кетейік, индустиралды аймақтарды дамыту ҚР индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасының басты бағытының бірі. Бағдарламаның мақсаты - өңдеу өнеркәсібін әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024