Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz – Оңтүстік Корея бесінші буын (5G) ұялы байланысын коммерциялық пайдалануды бастаған алғашқы ел болды, деп хабарлайды ТАСС.
SK Telecom, KT және LG Uplus телекоммуникациялық компаниялары ел азаматтарына осы стандарттың ұялы байланыс қызметін ұсынды.
Корея Республикасының Үкіметі наурыз айында 5G желісін іске қосуды жоспарлады, бірақ осы технологияны қолдайтын смартфондар жеткізілімдерінің кешіктірілуіне байланысты кейінге қалдырылды.
Бесінші ұрпақтың мобильді байланысы 2018 жылдың ақпан айында Пхенчхан қаласында өткен Қысқы Олимпиада кезінде сынақтан өтті. 5G жоғары өткізу қабілетін қамтамасыз етеді. Деректерді берудің рекордтық жылдамдығы 25 Гб/с дейін жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Швеция ұялы байланыстың бесінші буынын тек тестік режимде іске қосты, бірақ коммерциялық 5G желісі 2021 жылдан бастап жұмыс істейтін болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024