Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – ОПЕК+ 2019 жылдың сәуір айында Венада немесе маусымда өтетін кездесулерде мұнай өндіру көлемін қысқарту туралы шешім қабылдауы мүмкін, - деп хабарлайды Прайм.
Бас хатшы Мохаммед Баркиндоның айтуынша, картельдің отырысы 17-18 сәуір мен 25-26 маусым аралығында өтеді.
Сонымен қатар, Reuters агенттігінің хабарлауынша, ұйымның Бас хатшысы АҚШ президенті Дональд Трампқа мұнай нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қалпына келтіру туралы диалогқа қосылуға ұсыныс жасады.
Баркиндо Трамптың Twitter-дегі жазбасына түсініктеме бере отырып, АҚШ-тың әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші ретінде әлемдік сұраныс пен ұсыныстың стратегиялық үлесіне ие екенін атап өтті.
Сонымен қатар, оның айтуынша, ұйым Венесуэла мен Иранға қатысты санкцияларға алаңдаулы. Картель басшысы бұл шаралар нарықтағы тепе-теңдікті қалпына келтіру және оның тұрақтылығын сақтау әрекеттерін қиындатуы мүмкін екенін айтты.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024