ОПЕК пен картелге кірмейтін елдер арасында сейсенбі күні болған кездесуде өндірісті бірлесіп азайту туралы келісім жасалмады. Бұл жөнінде кездесудің үш қатысушыларына сілтеме бере отырып, Bloomberg хабарлайды.
ОПЕК-тің ұйымға кірмейтін Ресей, Бразилия, Мексика және Әзірбайжан елдерімен болған кездесуі ұйымның 5 маусым күні Венада болатын кезекті отырысының алдында болып өтті. Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак осыған дейін журналистерге ОПЕК басшысы Абдалла Сәлем аль-Бадримен маусымда кездесуді жоспарлап жүргенін мәлімдеген болатын. Ал мамыр айында ОПЕК және Ресейдің Энергетика министрлігінің сарапшылары кездеседі деген болатын. ОПЕК 2014 жылдың қараша айында квотаны тәулігіне 30 млн баррель деп бекіткен еді. Бұл квота әлемдік мұнай бағасының екі рет арзандағанына қарамастан, 2011 жылдан бері сақталып келеді. Соңғы рет ОПЕК квоталарды 2008 жылы қысқартқан еді. Ол кезде әлемдік қаржы дағдырысы орын алып, мұнай бағасы барреліне 40 долларға дейін түсіп кеткен болатын.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024