Алматы. 1 маусым. 7kun.kz – Батыс елдері енгізген санкциялар әсерінен Ресейде мұнай өндіру көлемі азаймақ. Сол себепті мұнай өндіруші елдердің ОПЕК ұйымы Ресейді келісімнен шығару мәселесін қарастырып жатыр деп хабарлайды The Wall Street Journal.
ОПЕК делегаттарының пікірінше, батыстық санкциялар мен еуропалық шектеулер Ресейдің мұнай өндіру көлемін шектейді. Сол себепті ұйымның мұнай өнідіру туралы келісімінен Мәскеуді шығару жайы талқыланып жатыр.
РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ресми сапармен Сауд Арабиясында жүр. Бүгін Эр-Риядта Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері Кеңесінің отырысы өтеді. Егер Ресей келісімнен шығып қалса, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және өзге де ОПЕК мүшелері мұнай өндіру көлемін арттыруға мәжбүр. Бұл – АҚШ пен Еуропа елдерінің сұранысы. Ресейдің Украинаға басып кіруі мұнай бағасын 100 доллардан асырып жібергені белгілі.
Ресей – әлемде мұнай өндіретін ең үлкен үштіктің бірі. Алайда биыл Ресей өндіретін мұнай көлемі айтарлықтай кемуі мүмкін. ОПЕК делегаттарының пікірінше, әзірге Ресей Федерациясы есебінен кем өндірілетін мұнайдың орнын толтыру туралы ресми ұсыныс түспеген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024