Алматы. 23 шілде. 7kun.kz - Tele2 және Kcell байланыс операторлары Алматыдағы селге байланысты неліктен смс хабарламасын таратпағандығы туралы ресми түсініктеме берді деп хабарлайды 24.kz.
Алматы Төтенше жағдайлар департамені жіберген смс-хабарлама үшін ақы алу туралы әңгіме болған жоқ.
«Tele2» мен ТЖД арасында арнайы келісім бар. Оған сәйкес, біз абоненттерге смс-хабарлама жіберу үшін арнайы арна бөліп қойғанбыз. Арнаны бүкіл тәулік бойы пайдалануларына болады. Алайда сол келісімге сәйкес, біз Департамент ұсынған және бекіткен процедураны қатаң ұстануымыз керек. Құжатта біз шұғыл жіберетін смс-хабарламалардың үлгі-шаблондары нақты көрсетілген. Бізге ТЖД бекіткен үлгіге сәйкес келмейтін хабарлама мәтіні екі рет келді. Ал сол шаблонға сай смс-хабарлама мәтіні келген бойда оны абоненттерге жібердік», - делінген хабарламада.
Өз тарапынан Kcell компаниясының өкілі де осы жайтқа қатысты түсініктеме берді.
"Біз ТЖК келген хабарламаларды абоненттерге әрқашан тегін жібереміз. Байланыс операторлары мен ҚР ТЖМ арасында жасалған бірегей шартқа сәйкес, төтенше жағдай кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғаны туралы ақпараты бар смс-хабарламалары ғана абоненттерге жіберілуі тиіс. Келіссөз бойынша үлгіге сай келмейтін хабарламаларды жіберуге болмайды. Алматы ТЖД келген смс мәтіндері қалыпты үлгі мен мазмұнға сәйкес келмегендіктен, біз бекітілген құжатқа сәйкес әрекет етіп, оны абоненттерге таратқан жоқпыз. Қазір «Кселл» компаниясы ТЖК-не шартқа өзгеірстер енгізу туралы ұсыныстар дайындауда", - деп мәлімдеді "Kcell" АҚ корпоративтік коммуникациялар бөлімінің бастығы Наталья Еськова.
Бұған дейін жағанымыздай, Алматы әкімінің кеңесшісі Сергей Куянов ұялы байланыс операторлары алматылықтарға сел жөнінде sms хабарлама жіберуден бас тартқандығы туралы мәлімдеме жасаған болатын.
Айта кетейік, Айта кетелік, Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзеніндегі су тасқынының көбеюі туралы ақпарат 03.00-те келіп түскен.
Алматының Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандары сел салдарынан зардап шекті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024