Оңтүстік Қазақстан облысында 1,7 млн-ға жуық тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика, және тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Лесбек Серікбаев хабарлады.
Л.Серікбаевтың айтуынша, облыстағы табиғи газбен қамтылған 1,7 млн.-ға жуық тұрғын (337 елді мекен) өңірде өмір сүретін 3 млн.ға жуық халықтың 57,7 пайызын құрайды. Ауыл-аймақты көгілдір отынмен жабдықтау жұмыстары – «Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ» және «Газли-Шымкент» бағыттары бойынша іске асырылуда. Бірінші бағыт – «Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ» бағыты бойынша бұл магистралды құбырдан табиғи газ алатын облыстың солтүстік-батыс бөлігіндегі 8 аудандағы 227 елді мекен, яғни, 682 мың халықты табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, 2013-2014 жылдары 7 АГТС пен жеткізуші газ құбырлары құрылысының жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, жұмыстар жүзеге асырыла бастаған болатын. Нәтижесінде, Түркістан қаласына (2013 және 2015 жж.) екі, Бәйдібек ауданы мен Созақ аудандарын (2015 ж.) газбен жабдықтауға бағытталған бір АГТС құрылысы жүргізіліп, Шаян елді мекеніне газ беріле бастады. Сонымен бірге, Сайрам ауданында да (2015 жылы) бір АГТС құрылысы облыстық бюджет есебінен пайдалануға берілді. Ал қалған 3 АГТС құрылысын осы 2016 жылы аяқтау жоспарланып, аудан орталықтары - Кентау қаласы, Түркістан қаласы екінші кезең, Отырар ауданының Шәуілдір елді мекені, Ордабасы ауданының Темірлан елді мекені және Арыс қалаларын газдандырудың ЖСҚ-сы әзірленбек. Нәтижесінде, 2017 жылдан бастап аудан орталықтарын газдандыру, әрі қарай, елді мекендерді қамту жоспарланып отыр. Ал екінші бағыт - «Газли-Шымкент» бағыты аясында 40 елді мекенді газдандыру жоспарланса, оның 14 елді мекендегі 25 мыңға жуық тұрғынға өткен 2015 жылы табиғи газ барған. Ал қалған 26 елді мекенді газдандыру жұмыстары осы жылы жалғасып, жыл соңына дейін 25 елді мекенге (90 мыңға жуық тұрғын) көгілдір отын жетпек. Бұл жұмыстар тиісті деңгейде аяқталса, 2016 жылы облыс тұрғындарын көгілдір отынмен қамту үлесі 60,3 пайызға жететін болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024