Орал халықаралық әуежайын ұшу-қону жолағындағы кемшіліктерге байланысты жаппайды, деп хабарлады жұма күні Инвестиция және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің өкілі Амантай Қоқатаев.
Оралда әуежайдың ұшу-қону жолағына баға беретін арнайы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр.
«Кемшіліктерді ұшу уақыттарының аралығында бір күннің ішінде дұрыстап шығуға болады. Ол үшін әуежайды жабу керек», - деді комиссия жиынында А.Қоқатаев.
Өз кезегінде "ҚазЖолҚұрылыс" АҚ директорының орынбасары Тахип Ескендіров жолақтардың уақытша пайдалануға берілгенін хабарлады. «Біз жөндеудің бірінші кезеңін ғана бітірдік, одан соң комиссия тексеріп, аталған кемшіліктердің жойылғанын растады»,- деді ол.
Инвестиция және даму министрлігі жақында ғана жөнделген Орал әуежайындағы кемшіліктерге байланысты комиссия құрған болатын.
2014 жылы 1 қыркүйек пен 31 қазан аралығында Орал әуежайының ҰҚЖ қайта қалпына келтіру жұмыстарының 1-кезеңі аяқталған болатын. 2014 жылы 3 қарашадан бастап қабылданатын әуе кемелерінің жиілігі және көлеміне деген кейбір шектеулермен әуежай өз жұмысын қайта жалғастырды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024