Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Орталық Азияға бағытталған инвестицияның 50%-ы Қазақстанға тиесілі

Орталық Азияға бағытталған инвестицияның 50%-ы Қазақстанға тиесілі

Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне бағытталған инвестицияның 50%-ы Қазақстанға тиесілі. Бұл туралы "Deutsche Bank AG" Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Ульф Вокурка журналистермен кездесу кезінде мәлімдеді.

«Меніңше, соңғы 1,5-2  жылда Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсартатын өзгертулер енгізілді. Бұл тек салық жеңілдіктерін, инвестициялық шығындарды өтеу мен арнайы экономикалық аймақ құру саласында ғана емес, инвесторларға жаңа экономикалық жағдайда тиімді жолдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Бұл орайда Қазақстан барлық ортаазиялық елдерден ерекшеленеді. ЕАЭО аясында Қазақстан шетелдік инвесторларға тиімді ел болып отыр», - деді ол.

Оның айтуынша, соңғы 2-3 айда банк екі ірі компания «Қазақстан Темір жолы» мен «ҚазМұнайГаз» компанияларына миллиондаған несие берді. Жалпы, 22 жыл ішінде Қазақстандағы Deutsche Bank жұмыс істеуі  компания мен банктерді 500 млрд доллар көлемінде қаржыландыруға мүмкіндік берді. Бұл Орта Азия елдеріндегі барлық инвестицияның 50 пайызын құрайды. Сондай-ақ, Ульф Вокурка әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесі мен оның салдарында банк әлемдік қаржы орталықтарына арқа сүйейтінін атап өтті. Енді еншілес компаниялар мен банктер филиалдарды ашуды тоқтатады. «Қазақстандағы одан әрі шоғырлануға келсек, ол Астана халықаралық қаржы орталығының мәртебесіне байланысты болып қалмақ. Ұлттық банк қазіргі аңда Астана қаржы орталығы бойынша тұжырымдаманы аяқтауда. Бүгінгі таңда басқарушы активтерді басқару ісіне қызығушылық танытып отыр», - деді ол. Фото: forbes.kz

Похожие материалы