Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан ОСК Қырғызстандағы сайлауды бақылаудан бас тартты

Қазақстан ОСК Қырғызстандағы сайлауды бақылаудан бас тартты

Алматы. 13 қазан. 7kun.kz —  Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қырғыз Республикасы Президентінің сайлауын бақылаудан бас тартты. Бұл туралы ОКС баспасөз қызметі хабарлады.

"Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаевтың жақында айтқан мәлімдемесін ескере отырып Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қырғыз Республикасы Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясы мен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының арасындағы өзара түсіністік туралы қолданыстағы екі жақты меморандум шеңберінде жеке субъект ретінде 2017 жылғы 15 қазандағы Қырғыз Республикасы Президентінің сайлауына қатысудан бас тартуды шешті, ол туралы қырғыз тарапын хабардар етті" - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелерді орындай отырып, ТМД, ЕҚЫҰ/Демократиялық институттар жəне адам құқықтары жөніндегі бюро, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), ТМЫҰ миссияларының құрамында, сондай-ақ ТМД, ЕҚЫҰ, түркітілдес мемлекеттердің парламенттік ассамблеяларының тарапынан мониторингті жүзеге асыру үшін 46 байқаушыны жіберіп отырғандығы айтылады.

 

Похожие материалы