Қостанай облысының фермерлері Салық кодексіне енгізілген түзетулерді жоюды сұрап отыр.
"Қостанай облысының фермерлері кәсіпкерлер палатасынан оларды жеңілдіктерден айырып, әлеуметтік міндеттемелерді орындауға кедергі жасап отырған жаңа нормаларды жоюға жәрдемдесуді сұрайды", - делінеді Қостанай облысының аймақтық кәсіпкерлер платасының (АКП) баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Атап айтқанда, 2015 жылдың 1 қаңтарынд өз күшіне енген "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Салық кодексіне енгізілген өзгертуллер мен толықтырулар фермерлерді салық төлеудің жалпы белгіленген режиміне көшусіз қызметтің қосымша түрлерімен айналысу мүмкіндігінен айырды.
"Мысалға, балансында диірмені бар шаруашылық оның үзіліссіз жұмысы үшін шикізатты сатып ала алмайды, ол үшін бұл шаруашылық шаруа қожалығы дәрежесінен ЖШС тобына өтуі қажет", - деп түсіндіреді АКП.
Шаруашылық ұйымның түрін өзгерту шаруа қожалықтарының табыс және көлік салығын төлеуден, қоршаған орта эмиссиясы үшін төлеуден босату түріндегі жеңілдіктерді жоғалтуына әкеліп соқтырады.
АКП Салық кодексіне өзгертулерді енгізу туралы ұсынысымен үкімет пен экономика және қаржы министрлігіне жүгінбек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024