Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz - Еліміздің бас қаласы "Астана" атты халықаралық қаржы орталығының жобасын жүзеге асыруға дайындалып жатыр. Алматының табысы Астанаға қарағанда жоғары болғанымен республика қазынасына түсетін түсім екінші жыл қатарынан қысқаруда.
2015 жылы Алматының жергілікті бюджетінен келетін табыс 46 млрд теңге, ал 2014 жылы 76 млрд теңге болған еді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, қала бюджеті тек 27 млрд теңгеге өсті.
Астанадағы жергілікті атқарушы билік 406 млрд теңге көлемінде табыс тапқан, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 47 млрд теңгеге артық.
Астанадағы өсімнің негізгі драйвері ретінде трансферт түсімінің ұлғаюының айтуға болады. Өткен жылы олардың көлемі 22 млрд теңгеге өсті. Алматыдағы трансферт түсімі 4 млрд теңгеге қысқарды. Табыс құрылымының өзгерісін Алматы мен Астанадағы іскерлік белсенділіктің әртүрлі екендігімен түсіндіруге болады. Алматы бұрынғысынша ҚР-ның бизнес-мәдени және қаржы орталығы болып қала береді, белсенді кәсіпорындар саны да Астанамен салыстырғанда алда.
2016 жылы Алматыдағы барлық кәсіпорындардың 51%-ы, ал Астанадағы бизнес объектілердің 38%-ы белсенді болған. Сондай-ақ оңтүстікте барлық банктік жинақтардың 42%-ы, ал Астанада 28%-ы шоғырланған.
Ал енді осы жылдан бастап "Астана" халықаралық қаржы орталығы деген жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жүйе дайындалып жатыр. Қаржы орталығының қатысушылары 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тіркеледі. Орталықтың атқарушы директоры Қайрат Келімбетовтың сөзінше, Астанада жаңа жоғары технологиялы биржа жұмысын бастайды. Дәл осы платформада "Самұрық-Қазына" қорының жекешелендіруі өтеді. Ал нарық көлемі алдын-ала болжам бойынша Қазақстан ЖІӨ-нің 40%-ын құрауы мүмкін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024