Қазпочта SALEM, TENGE деп аталатын жылдам ақша аударымдарын жүргізу жүйесін іске қосты. Қызмет түрін әзірге ел ішінде ғана қолдануға болады.
Компанияның хабарлауынша, жылдам ақша аудару уақыты бар болғаны 1 минут екен, ал комиссия көлемі аударылатын қаржының 1%-ын құрайды. Ақшаны Қазпочтаның кез келген бөлімшесінен аударуға болады. Жылдам ақша аудару үшін банк шотын ашудың қажеті жоқ.
"Бұл қызмет түрі нарықтағы серіктестеріміздің танымал жүйелеріне бәсекелес болу және біздің қазіргі һәм болашақ тұтынушыларымыз үшін сапалы құрал ретінде ұсыну мақсатында жасалды. Бүгінгі күні SALEM, TENGE бойынша кем дегенде 200 теңге көлеміндегі аударым сомасының 1%-ын құрайтын жаңа тариф жұмыс істейді. 31 мамырға дейін осылай болып қалмақ, ал 1 маусымнан бастап комиссия көлемі 1,5%-ға артады. Бұл біздің жаңа қызметіміз емес, осыған дейін де ақша аударымдарын ұсынып келгенбіз. тек бұл жолы оған атау беріп, бәсекеге қабілетті өзгерістер енгіздік", - дейді "Қазпочта" АҚ баспасөз қызметінің басшысы Байрам Азизов.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024