Астана. 23 қазан. 7kun.kz - Отандық көліктерді автонесиеге алатындар аз. 2017 жылдың 9 айында сатып алушылардың тек 8%-і ғана автонесиені пайдаланған деп хабарлайды ortcom.kz.
«КазАвтоПром» Қазақстан автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағының басқарма төрағасы Олег Алфёровтың айтуынша, 2017 жылдың соңында отандық көлікті несиеге алушылар саны мемлекеттік бағдарламадан бөлінетін транш есебінен артуы мүмкін.
«Отандық автокөлікті сату жыл басынан 13 129 бірлікке жетті. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 64%-ке жоғары. Казавтопром кәсіпорындарының нарықтық үлесі 2016 жылдың ұқсас кезеңіндегі 24%-тен 37%-ке дейін өсіп кетті. Жергілікті құрастыру автомобильдерінің сегментінде басым болатын позицияны «Азия Авто» АҚ иеленді», – дейді ол.
Отандық жеңіл автокөліктерді сату рейтингісінде Lada брендісінің Lada 4×4 (2866 бірлік), Lada Granta (1230 бірлік) және Lada Largus (1071 бірлік) көш бастап тұр. Танымал қазақстандық үлгілер тізімінде Hyundai Elantra (633 бірлік), Lada Vesta (563 бірлік), Hyundai Tucson (558 бірлік), Chevrolet Cruze (406 бірлік), JAC S3 (379 бірлік), Ravon Nexia (364 бірлік) және Lada XRAY (356 бірлік) көліктері бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024