Отандық компаниялар Қытайдың Jumore электронды платформасына тіркелді
Алматы. 21 шілде. 7kun.kz - Алматы облысының кәсіпкерлері Қытайдың Jumore электронды платформасына қадам басты. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хбарлады.
Баспасөз мәліметінше, бұл электронды алаң трансшекаралық электронды сауда мәселелерімен айналысатын негізгі компаниялардың бірі. Jumore қазақстандық өндірушілерге қытай нарығына шығуға жаңа мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Алматы облысындағы 6 компания алғашқылардың бірі болып осы алаңға тіркелді. Олар: «Пауза Продукт», «Лепсі өнімі», ТОО «RG Brands», «Сырат», «Aluminium of Kazakhstan» мен «Алматинские конфеты» ЖШС қытай нарығына шығуға қадам жасады.
«Біз өндіретін бал бірқатар шет елде сұранысқа ие, оның ішінде Қытай нарығы да бар. Бұл даму үшін ауқымды нарық екені анық, оған экологиялық таза өнімге деген сұраныс пен қызығушылық зор. Jumore сату жолдарын кеңейтудің жаңа алаңы», – деп атап өтті «Лепсі өнімі» ЖШС директоры Фархат Абузяров.
Еске салсақ, бұған дейін ҰКП кәсіпкерлерге Jumore алаңы арқылы Қытай нарығына шығуды ұсынған болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024