OYLA ғылыми-танымдық журналының қазақ тіліндегі нұсқасы наурыз айынан бастап оқырман саны аз болғандықтан жабылады. Редакцияның айтуынша, журнал шығынын жабу үшін аз дегенде 3000 оқырман жазылуы керек. Қазіргі таңда журналға 18 адам ғана жазылған екен. Бұл туралы редакция журналдың Facebook-тегі парақшасына жазды.
"Өкінішке орай, наурыз айынан бастап OYLA журналы тек орыс тілінде ғана шығатынын хабарлағымыз келеді. Біз журналдың қазақ тілдегі нұсқасына сұраныстың өте аз болғандығынан, тіпті жоқ деп айтуға болатындығынан жабуға мәжбүрміз. 6 ай ішінде журналдың қазақ тіліндегі нұсқасына 18 адам ғана жазылды, ал журналды осылай жоғарғы деңгейде шығару үшін, кем дегенде 3000 оқырман жазылу керек",- деп түсіндірді журнал редакторы. Сондай-ақ, олар бұл шешімнің қиынға түскенін және ғылымды қазақ тілінде де дамыту керектігін алға тартып, журналдың қазақ тіліндегі нұсқасын кейінірек онлайн қосымша ретінде шығарға үміттенетінін айтты. Сонымен қатар, OYLA редакторлары өздерінің жеке парақшаларына оқырмандардың жазылуға ниетті екенін айтып хат жолдап жатқанын жазды. Қанша адамның нақты жазылғысы келетінін білу үшін оқырмандар петицияға қол қоюы қажет.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024