активы с высоким риском - қатері жоғары активтер
активы с завышенной оценочной стоимостью - бағалану құны жоғарылатылған активтер
активы с заниженной оценочной стоимостью - бағалану құны төмендетілген активтер
активы слаболиквидные - өтімділігі нашар активтер (біраз уақыт өткеннен кейін ғана өзінің ағымдағы құнын жоғалтпай ақшаға аударылуы мүмкін активтер)
активы финансово-кредитных учреждений - қаржынесие мекемелерінің активтері
активы финансовые - қаржы активтері
активы фонда - қор активтері
активы Центрального Банка - Орталық Банк активтері (ел қазынашылығындағы алтын, СДР, ЭКЮ не тұрақты шетел валютасы түріндегі қаражат)
активы, чувствительные к изменению процентной ставки - пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал активтер
активы, являющиеся обычным предметом купли и продажи для данного типа деловых предприятий - іскерлік кəсіпорындардың белгілі бір тұрпаты үшін кəдуілгі сатып алу жəне сату заты болып табылатын
активтер (мыс., акциялар мен облигациялар) актовая бумага - актілік қағаз (актілер мен құжаттарды (вексельдерді, шарттарды, т.б.) жазуға арналған ерекше сапалы арнаулы қағаз)
актуарий - актуарий (сақтандыру математикасының маманы)
акты, принимаемые по результатам государственного финансового контроля - мемлекеттік қаржылық бақылау нəтижелері бойынша қабылданатын актілер
акцепт - акцепт, ризалық, құптама (1. босатылған тауар, көрсетілген қызмет, орындалған жұмыс үшін жеткізушілер мен сатып алушылар арасында есеп айырысу нысаны; 2. ақша, есеп айырысу жəне тауар құжаттарын төлеуге келісу не төлеуге кепілдік беру; 3. ұсынысты қабылдауға, шарт жасасуға келісу; 4. банктік есептесуде: сатып алушының вексельді, чекті, т.б. төлеуге келісуі; 5. сақтандыруда: сақтандырушы, қайта сақтандырушы өкілінің слипте көрсетілген шарттар негізінде тəуекелді сақтандыруға, қайта сақтандыруға қатысуға келісетінін қуаттап өзінің қысқартылған аты-жөнін қоюы; 6. халықаралық құқықта: шарт талаптарымен келісетіндігі туралы бір жақты мəлімдеме)
акцепт банками тратт - банктердің траттаға ризалығы, банктердің траттаны құптауы
акцепт банковский - банк ризалығы, банк құптауы, банк акцепті (төлем мерзімінің басталуына қарай банк өз клиенттерінің шоттарын төлеу үшін шығарған не кепілдік берген вексель; банкіге ұсынылған жəне ол ризалық берген айналыстағы мерзімді тратта)
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024