Параллельді импортты заңдастыру мәселесі кедендік одақ аясында шешілуі қажет. Бұл туралы РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев мәлімдеді.
"Бізге Қазақстандағы, Белоруссиядағы және Армениядағы әріптестерімізбен консультация өткізіп, олардың позицияларын тыңдау қажет. Әрі олардың ұстанымдары бізге қарағанда айырмашылық жасайды. Біздің ойымызды да жеткізіп, бірыңғай ережеге шығу керек", - деп мәлімдеді Д.Медведев.
Оның сөзінше, Ресейде қолданылған аймақтық ұстанымның РФ аумағындағы өндірісті шектеуде инвесторлар үшін жайлы болғандығын есепке алу қажет.
"Инвестиция салынды, олар ұмытылмауы тиіс", - деді Д.Медведев. Ол барлық аргументтерді саралап отыру қажеттігін атап өтті.
"Барынша ұқыпты әрекет ету керек. Ресей нарығындағы сатып алушылардың өкілдерін, инвесторларды тыңдап, халықаралық әріптестермен консультация жүргізу қажет. Осыдан кейін ғана қабылданған шешім жұмыс істейді. Сіздермен қандай шешімді талқыласақта, олар Еуразиялық экономикалық одақ аясында халықаралық бәтуаластық орнағаннан кейін ғана жұмыс істейді", -деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024