Кешкі Парижді аралап шықтым. Дүкендер, кинотеатрлар мен би кештері жабық. Көшелерде әдеттігідей көп адам жоқ. Тәртіп сақшылары көп. Осы тыныштықта жаңа қауіптің лебі сезіледі. Қашып кетті деген жаңа террористі іздеп жатыр. Теледидардан оның суреті мен жеке мәліметтерін көрсетті. Бірақ ол кез-келген жерден шахид белдігін тағып шыға келуі мүмкін. Халықтың қатты қорыққандығы соншалық, отшашудың жарылғанын да жаңа шабуыл деп қабылдап, әлеуметтік желі арқылы таратып үлгерді. Франция соғыс жағдайында. Қазір ИМ орталығы Ракканы жаппай бомбылап жатыр. Ал елде төтенше жағдайды созу туралы мәселе қаралуда.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024