Астана. 13 қаңтар. 7kun.kz – Депутаттар Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы туралы заңның күшін жою туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Депутаттар баяндама жасап, заң жобасын талқылады.
«Конституциялық реформа елімізде биліктер тармағы институттарын нығайтып, қоғамда демократияны қалыптастырудағы Тәуелсіз 30-жылдың ішіндегі ірі қадам, прогрессивті бағыт-бағдар. Конституцияға енгізілген өзгертулерге сәйкес Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Конституцияның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды. Қазақстанның демократия мен плюрализмге бет алып, терең саяси трансформация жасау кезеңінде, жеке топтардың билікті меншіктеуге жетелейтін қандай да бір тетіктерге жол бермеу маңызды», – деді депутат Ерлан Сайыров.
Дауыс беру нәтижесінде заң жобасы қабылданды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024