ҚР Парламенті ағымдағы жылы өз шығындарын 15,2 пайызға азайтты. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарақұсова мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәжіліс депутаты республикалық бюджет шығыстарының нақты қанша теңгеге қысқаратыны әзірше белгісіз екендігін атап өтті. «Дегенмен, кеше Елбасы республикалық бюджет шығыстарын 700 млрд. теңгеге қысқарту туралы тапсырма берді. Келесі аптада бюджет Парламентте қаралады, сол кезде нақты шығыс көлемі белгілі болады», - деді ол.
Г.Қарақұсова Парламент бюджеті Мәжілісте қаралғанын айта келе: «Әрине, әр бағдарлама әкімшілері өз шығыстарын қысқартты. Парламент те өз шығыстарын 15,2 пайызға қысқартқан болатын», - деді депутат.
Ал Мәжіліс депутаты Рашид Ахметов БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере отырып: «Мұнайдың ағымдағы не келер жылы құны қандай болатын нақты ешкім айта алмайды. Дегенмен, мұнай бағасы көтеріліп, әлемдік экономикада өзгерістер байқалған кезде республикалық бюджеттік кіріс және шығыс бөліктері қайта қаралатын болады», - деді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024