Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Парламент заңнамаға енгізілетін сақтандыру және ислам қаржыландыруы жөніндегі түзетулерді қабылдады

Парламент заңнамаға енгізілетін сақтандыру және ислам қаржыландыруы жөніндегі түзетулерді қабылдады

Қазақстан парламентінің мәжілісі сәрсенбі күні өткен жалпы отырыста сенаттың "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізуге ұсынған түзетулеріне келісім берді.

Парламент бұл құжатты қабылдады, енді ол заң түрінде президенттің қол қоюы үшін жіберіледі.

Заң жобасы қарастырылып отырған заңның 19 бабына өзгерістер енгізіп отыр, оған сәйкес ай сайынғы сақтандыру төлемінің есептелуі орташа айлық табыстың көлеміне сүйене отырып жүзеге асырылады, бұл табыс көлемі минимал еңбекақының он есе еселенген көлемінен аспауы тиіс.

"Осыған байланысты еңбекақы төлеу қорының негізінде есептелетін сақтандыру сыйақысының мөлшерін анықтау тәртібіне тиісті өзгертулерді енгізу қажет, оны анықтау кезінде қызметкердің ай сайынғы табысы минимал еңбекақының он есе еселенген көлемінен аспайтындай болып қабылданады", - деп мәлімдеді профильді комитет.

Сонымен қатар, шағын жұмыс берушілерді қоса алғандағы жұмыс берушілерді қамтуды жоғарылату мақсатында қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру және сақтандыру компаниясының минималды шығынын өтеу жүйесі сақтандыру сыйақысы көлемінің минимал шегін қарастыруды ұсынды.

Сондай-ақ, заң жобасы қарастырылып отырған заңның 19 бабында қарастырған денулықтың бұзылуынан туындаған қосымша шығындарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерінің жүзеге асырылу шарттары туралы ережелерге өзгертулерді енгізу ұсынылды.

Исламдық қаржыланырудың бұдан кейінгі принциптері жөніндегі шаралар аясында исламдық сақтандыруды енгізу қарастырылып отыр.

Дәстүрлі сақтандыру жүйесі бойынша банк секторына ұқсас етіп, сақтандыру төлемдерін кепілдендірудің мемлекеттік жүйесін құру арқылы сақтандыру қызметінің тәуекелін барынша азайтуға жәрдемдесетін толықтыруларды енгізу ұсынылды. Осыған байланысты кепілдендірілген сақтандыру төлемдерінің қоры туралы заңға түзетулер енгізіліп отыр, мұнда Ұлттық банк, сақтандыру ұйымдары және сақтандыру қатысушылары қордың акционері ретінде қарастырылуда.

Похожие материалы