2015 жылы Павлодар облысындағы егістік көлемі 1 млн 169 мыңнан астам га аумақты құрайды. Бұл туралы көктемгі егіс жұмыстарына арналған жиында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ернұр Әйткенов мәлім етті деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Көктемгі дала жұмыстарына уақытында кірісу мақсатында «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ құрылымдық бөлімшелеріне жалпы көлемі 1,16 млрд теңгені құрайтын жеңілдетілген несие берілді. Өсімдік шаруашылығын қолдау үшін 2,6 млрд теңге бөлінді. Ол 2014 жылғы көрсеткіштен 3,3%-ға артық. Сондай-ақ, тыңайтқыштар мен гербицидтердің бағасын арзандату (отандықты 50%-ға дейін, шетелдікті 30%-ға дейін) көзделген.
Көктемгі дала жұмыстарына биыл 15 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.
Машина-трактор паркінің дайындығы 93%, ауылшаруашылық құралдардың әзірлігі 94%-ды құрайды. Жыл басынан 247,4 млн теңгенің 20 техникасы сатып алынды, деп атап өтті Е. Әйткенов.
"Өңір дәнді дақылдар мен дәнді-бұршақ тұқымдас дақылдардың тұқымымен 129%, майлы дақылдар - 79%, картоп - 110%, жемшөп - 51,3% қамтамасыз етілді", - деді Е.Әйткенов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024