Павлодар облысында орналасқан "Сағып" шаруа қожалығында өнімділігі тәулігіне 5 тонна қымыз құятын автоматтық желі іске қосылды деп хабарлады шаруашылық башысы Төлеу Құшманова.
"Желіні сатып алу мен орнатуға жұмсалған 5 млн теңгені біз "Даму Өндіріс" бағдарламасының аясында алдық", - деді Т.Құшманова.
Шаруашылық басшысының айтуынша, сусын шыны ыдысқа құйылады, ол ыдыс Қытайдан әкелінеді. Қондырғы алынғанға дейін қымыз пластик бөтелкелерге құйылған екен және өнімділік тәулігіне 1 тонна болған.
Өткен жылы шаруа қожалығы Ресей Федерациясына қымыз жеткізу туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Қазіргі уақытта қымыз Новосибирск және Омбы қалаларына жеткізіліп жатыр.
"Біз қымызды Мәскеуге де жіберіп жатырмыз, бірақ әзірше жеке тәртіпте, партиялары үлкен емес. Келешекте Еуропа нарығына шығуды жоспарлап отырмыз", - деп мәлімдеді Т.Құшманова.
Қазіргі кезде шаруашылықта 400-ден артық жылқы бар.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024