Павлодар облысы. 26 шілде. 7kun.kz – Екібастұз маңында вахта жұмысшылары мінген автобус апатқа ұшырап, салдарынан 16 адам Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды. Полицейлер жол апатының себептерін анықтауда, деп хабарлайды 7kun.kz.
«103»" желісіне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама 26 шілдеде сағат 12.38-де түскен.
«Қоңырау шалғандардың айтуынша, жұмысшылар мінген автобус Екібастұздан 25 шақырым жерде аударылып кеткен. Оқиға орнына бес жедел жәрдем бригадасы жөнелтілді. Қоңырау түскеннен кейін 14 минут өткенде медицина қызметкерлері оқиға орнына жетіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті», – деді Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы өкілдері.
«103» қызметкерлері Екібастұз қалалық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне тағы да жарақат алғадар болуы мүмкін екенін ескертті. Жедел жәрдем бригадаларының бірі зардап шеккендерге көмек көрсету үшін оқиға орнында қалды.
«Екібастұз қалалық ауруханасына 16 адам жеткізілді. 19 бен 53 жас аралығындағы ер адамдар бас-ми жарақатын алып, миы шайқалып, түрлі жарақат алған», – деді жедел жәрдемдегілер.
Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің бәрі қазір дәрігерлерге қаралып жатқанын хабарлады.
Оқиға себептері анықталып жатыр. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты "Павлодар-Нұр-Сұлтан" тасжолының 139-шақырымында, Байет ауылы маңында болған.
«40 жастағы автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, шұңқырға аударылып кеткен. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», – деді облыстық ПД-да.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024