Павлодар қаласының жаңа әкімі ретінде Нұржан Әшімбетов тағайындалды. Осыған дейін ол облыс әкімінің ауыл шаруашылық мәселелері бойынша орынбасары болды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
46 жасар Нұржан Әшімбетов Павлодарлық аумақтық комитетінің мемлекеттік мүлік бойынша маманы, "Сагапа" корпорациясының консультанты, «Remek» консалтингтік фирмасының директоры, "Кемер" агрофирмасының директоры, Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары, Лебяжин ауданының әкімі, Павлодар облысындағы ауыл шаруашылық департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігінде мемлекеттік инспектор ретінде қызмет атқарған. 2008-2012 жылдың қазаны аралығында Петропавл әкімі, 2012 жылдың желтоқсанынан бастап Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымын иеленеді. Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Болат Бақауов осы жылдың 25 наурызында Павлодар облысының әкімі деп тағайындалған еді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024