Павлодар. 17 қаңтар. 7kun.kz – Полиция қызметкерлері өз пәтерінде тыйым салынған заттары бар жасырын орынды жабдықтаған Павлодар тұрғынын ұстады. Тінту кезінде полицейлер 45 жастағы қала тұрғынынан арнайы шкафты тапты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ұсталған адам оны жылыжай етіп, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтаған. Арнайы жарықтандыру, желдеткіш, суару жүйесі, климаттық бақылау және фотосинтез шамдары.
«Тұрғылықты жері бойынша ер адамның пәтерінен 6 қарасора бұтасы мен 148 грамм кептірілген марихуана тәркіленді. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 300-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024