Павлодар. 22 тамыз. 7kun.kz – Павлодарда 67 жастағы зейнеткерден 33 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласы полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері есірткіні өткізу және сақтау күдігі бойынша 67 жастағы қала тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.
«Ұсталған азаматтың тұрғылықты жерінен 33 келіден астам марихуана және 3,3 келіден астам гашиш табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2022 жылы есірткінің заңсыз айналымы саласында 59 қылмыс, оның ішінде есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізуге байланысты 47 факті анықталды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024