Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Павлодарда жұмысқа тұрғызамын деген алаяқтың үстінен қылмытық іс қозғалды

Павлодарда жұмысқа тұрғызамын деген алаяқтың үстінен қылмытық  іс қозғалды
 

Павлодар. 4 сәуір.  7kun.kz – Ақсу аудандық ІІБ-де адамдарға жұмыс тауып беремін деп уәде беріп, 200 мың теңгеден жинаған алаяқтың қылмыстық ісі тергеліп жатыр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

Павлодар облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 1984 жылғы Ақсу ауданының тұрғыны алаяқтық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Күдікті қаладағы кәсіпорындардың біріне жұмысқа кіргізіп беремін деп тұрғындарға уәде берген.

Жәбірленушілер алаяқ қызметінің ақысы ретінде әр адамнан қолхат арқылы екі жүз мың теңге алып отырғанын айтып, полицияға шағым түсірген. Бірақ берген уәдесін орындамай, ақшаны қайтарудан бас тарқан. Бұл туралы ІІД хабарлайды.

Похожие материалы