PepsiCo Inc. жақын арада АҚШ Ұлттық баскетбол қауымдастығымен (ҰБҚ) серіктестік келісімге қол қойғандығы жария етуі мүмкін, осылайша сусындар мен тағамдар аясындағы ҰҚБ-ның эксклюзивті серіктесі ретінде бәсекелесі Coca-Cola Inc. орнын басады деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Осылайша, Pepsi АҚШ-тың төрт басты спорт лигаларының ресми демеушісіне айналады: ҰБҚ-ны қоспағанда, компанияның Ұлттық хоккей лигасымен, бейсболдың МЛБ және ҰФЛ американдық футбол лигасымен арадағы келісімдері әрекет етуде.
Келісімге қол қойылғаннан кейін басскетболшылар бұрынғыша кез келген компаниямен жарнамалық келісім-шарттарға қол қоя алады, алайда аналитиктердің пікірінше, ойыншыларды көбісі Pepsi-ді таңдайды, себебі фирма видео мен суреттерді орналастыруға қатысты құқықтардың көбісін иемденетін болады. Сонымен қатар, келісім-шарт матч уақытында қандай сусын-тағамдар сатылатынығына да әер етпейді.
Coca-Cola мен ҰБҚ 1986 жылдан бері серіктес болған. Компания тараптар келісім мерзімін одан әрі ұзартпайтындығын растады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024