Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Петропавлда жаңа жылу магистралінің құрылысы басталды

Петропавлда жаңа жылу магистралінің құрылысы басталды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов қалалық аудандарға жұмыс сапары барысында жаңадан салынып жатқан 2Ду 1000 жылу магистралінің құрылыс жұмыстарын аралады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Kazpravda.kz хабарлайды.

Құрылыс 4 шақырымдық екі бағыт бойынша жүріп жатыр. Алғашқы бағыттың ұзындығы 1,6 шақырым болмақ. “Петропавл жылу желісі” ЖШС бас директоры Игор Рыбас берген ақпарат бойынша, қазіргі таңда ең күрделі деген бетон қалау жұмыстары аяқталып, енді құбыр монтаждау жұмыстары басталған. Өз кезегінде облыс әкімі құрылыс жұмыстарының нәтижесіне көңілі толмайтынын жеткізді. “Жұмыс тым баяу жүріп жатыр. Құрылысты 1-қыркүйекке дейін толық аяқтап ,сынақ жұмыстарын жүргізіп, 1-қазанда толық пайдалануға беру керек” – деді Е.Сұлтанов. Құрылыс жұмыстарында энергия үнемдеудің соңғы технологиялары пайдаланылуда. Полипропиленмен қапталған құбырлар су мен жылу шығындарының азаюына мүмкіндік береді. Әрі құбырлардың қызмет мерзімі бұрынғы құбырларға қарағанда анағұрлым ұзақ. Салыстыра кетсек, бұрынғы құбырлардың қызмет мерзімі 20 жылдай болса, қазіргі құбырлар 25-30 жылға шыдас береді. Отандық өндірушілер өндірген құбырдың тағы бір артықшылығы – диаметрінің ұлғайып, өткізгіштік қабілетінің артуы. Бұрынғыларының диаметрі – 700 мм болса, қазіргі диаметр – 1000 мм. Жалпы, Петропавл қаласының жылу жүйесін дамытуға республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінген.

Похожие материалы