Алматы. 14 шілде. 7kun.kz - Қостанайда пластик бөтелкелер қалдығынан түрлі өнім шығаратын кәсіпорын өндірісті кеңейтпек, деп хабарлайды 24.kz.
Биыл олар қоқыс сұрыптайтын комбинат құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Оның сыртында шикізат өңдейтін жаңадан төрт цех іске қосылады. Судыр пленка, жұмсақ мақта, кабель құбыр, жол құрылысына арналған төсеніш. Осының бәрі кәдімгі полиэтилен және пластик бөтелкелер қалдығынан жасалған. «Біз қалдықтарды өңдеп, 6 тонна өнім жасай аламыз. Ол ауылшаруашылық саласында, жеңіл өнеркәсіп пен жол құрлысына пайдаланылады», дейді кәсіпорынның бөлім басшысы Жандос Жақсыбаев,
Пленкамен қапталған геотекстил құрылыс материалдарын ылғалдан қорғайды. Күніне 25-30 мың шаршы метр осындай өнім шығаратын технологиялық желі бойында төрт адам жұмыс істейді. Талшықты қолмен тиегендері болмаса, қалған жұмыс ауқымы автоматты жүйе бойынша атқарылады.
Қазіргі кезде мұнда жылына 5 мың тоннаға жуық тұрмыс қалдықтары өңделеді. Келер жылы оны еселеп арттыру көзделіп отыр.
«Тағы төрт желі іске қосылғанда, бұл көрсеткіш екі есеге өседі. Қазір Қазақстан нарығының 60 пайызын қамтып отырсақ, болашақта 65-66 пайызға жеткіземіз деген ойдамыз», деді кәсіпорын директоры Марат Сәдуақасов. Сондай-ақ, олар бір аптадан кейін тұрмыс қалдықтарын сұрыптайтын комбинаттың құрылысын бастайды. Оны алдағы желтоқсан айында тапсыру жоспарланған.Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024