Экономика
Пойыздар кестесі туралы анықтама қызметі ұялы байланыс абоненттеріне де қолжетімді болды
Ұялы байланыс абонентеріне енді "105" темір жол анықтама қызметі қолжетімді болады деп хабарлайды "Қазақстан Темір Жолы ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі.
2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ұялы байланыс абоненттері темір жол тасымалдары туралы қажетті ақпараттарды "105" Бірыңғай анықтамалық-ақпарат орталығынан (БААО) біле алады. "Бірыңғай анықтамалық-ақпарат орталығы 2012 жылдың желтоқсан айынан бері жұмыс істеп келеді. Аталған қызмет "ҚТЖ ҰҚ" АҚ - АСУ "ЭКСПРЕСС" бағдарлама кешенімен біріктірілген. Осы арқылы кез келген уақытта қажетті мәліметті білуге болады", - делінген хабарламада. Стационарлы байланыс абоненттерінің барлығына "105" нөмірі қызметін пайдалану тегін. Ал, Kcell және Activ абоненттеріне - ақылы. Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда "Қазақтелеком" АҚ және Beeline, Tele2, Altel ұялы байланыс операторларымен БААО қызметін қосу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр", - дейді ҚТЖ баспасөз қызметі.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024